Астана мен Шымкентте бағалы металдардың аса ірі көлемдегі заңсыз айналымы тоқтатылды

Динара Амантай

Он айдың ішінде күдіктілер арасындағы ақша айналымы 300 млн теңгеден асқан

Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Ақмола облысының, Астана және Шымкент қалаларының аумағында бір топ адам аса ірі көлемдегі бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аймақтық прокуратураның үйлестірумен қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Алтынды заңсыз өндіру, сатып алу, өткізу мен одан есепке алынбаған зергерлік бұйымдарды жасау және оларды сату бойынша барлық схема анықталған.

2019 жылдан бастап қазірге дейін 5 күдікті Бестөбе кентінде «қара іздеушілер» заңсыз өндірген және қайта өңдеген алтынды сатып алумен айналысқан. Кейін алтын құймалары жолға қойылған арналар арқылы жеткізіліп, жерасты цехтарында белгілі сауда маркаларының есепке алынбаған зергерлік бұйымдары дайындалып, Астана мен Шымкент сауда үйлерінде сатылған.

Тінту барысында құны 35 млн теңгеден асатын 99,5% алтыны бар 1 келіден аса құйма және сатуға дайындалған 335 зергерлік бұйымдар тәркіленді. 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қазанға дейін күдіктілер арасындағы ақша айналымы 300 млн теңгеден асты. Іс бойынша 5 адам күдікті деп танылып, оның 3-еуіне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

 ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялап, таратуға жатпайды.