Қар, жел, көктайғақ: 27 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. 

фото: freepik

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 27 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. 

«Жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады. Қалған аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады», — делінген хабарламада.