×

ІІМ ведомстволық газеттерінің шыққанына 90 жыл толды (ВИДЕО)

Басылымдардың редакциясын Ішкі істер министрі Ержан Сәденов құттықтады

 Еркеғали Болатұлы 26.11.2023 | 12:00
фото: polisia.kz

Ішкі істер органдарының жұмысын, қоғам мен полицияның байланысын оқырманға жеткізіп келе жатқан «Saqshy» және «На страже» газеттерінің 90 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Салтанатты іс-шараға ардагер-журналистер, өңірлік полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ведомстволық оқу орындарының және Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтарының баспасөз хатшылары қатысты. Алайда ұйымдастырушылар іс-шараға ІІО медиа орталығында басшылық қызмет атқарған азаматтардың біразын шақырмаған.

Қиындығы мен қызығы қатар жүретін полиция қызметі туралы сыр шертетін басылымдардың редакциясын Ішкі істер министрі Ержан Сәденов құттықтады.

«Saqshy» және «На страже» газеттерінің 90 жылдығы құтты болсын! Сіздер арқылы азаматтарымыз еліміздегі болып жатқан құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардан хабардар болды, - деді министр.

Шара барысында ең белсенді баспасөз қызметтері «Қанатты қалам» номинациясымен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама