×

Алматыда мектеп қызметкері 1 жылда 46 миллион теңге жымқырған

Мектеп бухгалтері 7 жылға бас бостандығынан айырылды

 Халық үні 24.11.2023 | 19:36
Фото: Halyq Uni

Алматыда мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

Алматы қаласы прокуратурасының хабарлауынша, аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама