×

Израиль мен ХАМАС арасында уақытша келісім басталды

Төрт күнде 200 адам босатылуы керек

 Дастан Жұмабекұлы 24.11.2023 | 14:43
Фото: Adel Hana

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату режимін бастады, деп хабарлады DW.

Израиль мен ХАМАС ұйымы арасындағы төрт күндік гуманитарлық келісім таңғы сағат 7.00-де (Астана уақытымен сағат 11.00-де) күшіне енді.

Ол Газа секторының солтүстігі мен оңтүстігінде жан-жақты атысты тоқтатуды, содан кейін кепілге алынған 240-тан астам адамның үштен бірін босатуды көздейді.

Осы уақыт ішінде кепілге алынған израильдік 50 және палестиналық 150 тұтқын – әйелдер мен кәмелетке толмағандар босатылуы керек.

Бітімге Катар делдал болып отыр. Келісімге сәйкес, ХАМАС ұйымы кепілге алған алғашқы 13 адам жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-де (Астана уақытымен сағат 20.00-де) босатылады. Израиль кепілге алынғандардың аты-жөнінің тізімін алғанын растады.

Катардың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Маджед әл-Ансаридің айтуынша, төрт күнде 50 адам босатылады. Кепілге алынғандардың кем дегенде 35-і балалар, олардың 18-і ХАМАС шабуыл жасаған кезде 10 жаста немесе одан кіші болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама