ҚМА істі тергеп жатыр
Семейде 3 жылу қазандығын жөндеуге бөлінген 67 млн теңгенің жымқырылғаны анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің Абай облысы бойынша департаментінің мәліметінше, былтыр Семейдегі 3 қазандықты жөндеуге жалпы 300 млн теңге бөлінген. Алайда оның 67 млн теңгесі жымқырылған. Салдарынан мемлекетке шығын келген.
Жалпы қалада бір жылу электр орталығы,17 қазандық және 72 жылу пункті жұмыс істейді.
Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жарияланбайды.