×

Алматыда 1988 жылдан бері салынып келе жатқан 17 құрылыс нысаны бар

Жоспардан тыс тексеріске қала тұрғындары мұрындық болған

 Халық үні 24.11.2023 | 08:24
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «сақалды» құрылыстарды тексеру шаралары басталды, деп хабарлайды Kazinform.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, Жоспардан тыс тексеріске қала тұрғындары мұрындық болған. Балалардың ойын алаңына айналып, өміріне қауіп төндірген аяқсыз қалған нысандар тұрғындарды алаңдатқан.

«Тексеріс нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым беріліп, қажет болса оны мәжбүрлеп орындау үшін сотқа талап-арыз жіберіледі. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін сақалды құрылыстар бұзылуы мүмкін.

Нысанды салу жұмысы тоқтаған немесе 6 айдан астам мерзімге созылған нысандар халық пен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін консервациялануы қажет», - деп жазды ведомстводан.

Қазір қалада 1988 жылдан бастап консервацияланған 17 құрылыс нысаны бар. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама