×

ҚМА екі айда бюджеттің 10 млрд теңге негізсіз шығынын анықтады

Ірі нысандардың құрылысына мониторинг жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 23.11.2023 | 11:21
Фото: Halyq Uni

ҚМА мемлекеттің негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында ірі нысандардың құрылысына мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәселен, «Мемсараптама» РМК көмегімен Астананың энергия торабындағы апатқа қарсы автоматиканы модернизациялау бойынша жоба құны 1,9 млрд теңгеге арзандатылды. Мұнда жобаны әзірлеушілер электр шкафтарының бағасын негізсіз қымбаттатқан. Тағы бір жағдайда Астанада құбыр бағасын өсіруге байланысты магистральдық айналма кәріз коллекторын салу құны 5,3 млрд теңгеге арзандатылды.

Петропавлдағы Солнечный кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу кезінде электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды. Нәтижесінде 2,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Сондай-ақ қазір облыс әкімдіктерімен тағы 24 нысан бойынша мемлекет шығындарын 13 млрд теңгеге төмендету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Мәселен, Қарағандыда өндірістік ағындар мен жерүсті сарқынды суларын тазартатын құрылыс жобасы бойынша жабдықтың тек 3 түрінің ғана құны 541 млн теңге болған.

Жалпы алғанда, 8 жоба бойынша екі айдың ішінде бюджет шығындары 10 млрд теңгеге төмендетілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама