Мекеменің иесі қонақтарға барынша қолайлы жағдай жасауға тырыстық дейді
Павлодарда қазақтарды кіргізбейтін гастро-бар жабылды. Бұл туралы өзін Илья деп таныстырған мекеменің иесі хабарлады. Ол гастро-бардың жабылатыны туралы арнайы мәлімдеме жасады. Бірақ ешкімнен кешірім сұраған жоқ.
Мен Павлодарда туып-өстім. Осы жерде ата-анам да туған. Мен 30 жасыма дейін ешкімнен ұлтқа бөліну бойынша қысым көрген жоқпын. Біз мекемені үш жыл бұрын ашған едік. Уақыт өте келе гастро-барға көп адамдар келе бастады. Содан кейін оған халық сыймай кетті. Осыны ескеріп, қауіпсіздік қызметінің жұмысына адамдар шақырдық. Олар фейс-бақылау жасап отырды. Біз қонақтарға барынша қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Біздің жұмысымызда ешқашан ұлтқа бөлінушілік деген болмаған. Біз адамдарды алалауға қарсымыз. Біз ешкіммен ұрыспай-керіспей, түсіністікте жұмыс істегіміз келеді, - деп ақталды ол.
Павлодар облысының прокуратурасы гастро-бардың иесін шақырып, бәрін түсіндіргеннен кейін мекеменің жабылғанын хабарлады.
Кеше Павлодардағы «Garage» деген көңіл көтеру орнында жанжал шыққан болатын. Онда әлеуметтік желіні қолданушылар қазақтарды түрлі сылтаумен гастро-барға кіргізбей жатқанын сынап жазған еді.