×

«Бұл жерде нацистер істеп жатыр!»: Павлодарда қазақтарды гастро-барға кіргізбейді

Мекеменің Илья есімді иесі мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынына уәде берді

 Дастан Жұмабекұлы 19.05.2022 | 11:39
https://www.instagram.com/ilya4ujoy/

Павлодардағы көңіл көтеру орындарының бірінде жанжал шықты. Politic порталының хабарлауынша, әлеуметтік желіні қолданушылар қазақтарды түрлі сылтаумен гастро-барға кіргізбей жатқанын айтуда.

Павлодарда қазақтарды барға кіргізбейді. Олады дресс-код пен фейс-бақылаудан өткізбейді, - деген жазба жарияланған еді.⠀

Бұл гастро-бардың иесі көп уақыттан бері қазақтарды мекемеге кіргізбей келеді екен. Оның адамды алалауы көптен бері сынға алынып келеді. Оған наразы адамдардың 2gis-тегі жазбалары дәлел бола алады.

Ерлан Бөкенов: Нағыз ұлтшылдық, қазақтарды кіргізбейді;

Гузя Кенже: Менің достарымды кіргізбеді, себебі неде? Ұлты басқа ма? Сіздер өзі қайда тұрып жатқандарыңызды білесіздер ме?

Асем Адилова: Мәдениетті адамдар келді. Олар фейс-контрольдан өтпеді... Орыстарды ғана кіргізесіздер, солай ма?;

Объективті пікір: Бұл жерде нацистер жұмыс істеп жатыр! Орыстар басымдыққа ие, қазақтарды кіргізгісі келмейді;

Макинтош: Ұлтшылдар! Мына лас жердің иесінен бастау керек. Қазақтарды кіргізбейміз деген соның бастамасы, қалауы;

Red Fox: Астанада Zoloto клубына еркін барып жүрдік. Ал мұнда кіргізбеді. Бұл барып тұрған нацизм;

Данияр Нұртазинов: Face-control .Олар маған ештеңе түсіндірместен кіргізбеді. Досым байсалды. Өзі әдемі киініп барған.

Бүгін ғана гастро-бардың басшылығы осыдан бір ай бұрын жазылған пікірлердің біріне жауап берді.

Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің лауазымдық сипаттамасында «ұлтшылдық» тармағы ешқашан болған емес және болмайды, - делінген хабарламада.

Порталдың хабарлауынша, осы жағдайға байланысты ресми органдар әлі ештеңе деген емес. Сол себепті желі қолданушылар мен тілшілер Павлодар облысының полиция департаментіне хабарласқанда, олар облыстық прокуратураға хат жолдауын өтінген. Осыдан кейін прокуратура гастро-бардың Илья деген иесіне барлық жағдайды түсіндірді. Ол заң органына бұдан былай мұндай жағдайдың болмайтынын айтты.

«Егер осындай нәрсе тағы қайталанатын болса, біз полиция мен прокуратураға арыз жазамыз», - делінген порталдың хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама