×

Қазақстанда онлайн казино қызметін іске асыратын ұйымдардың тізімі жарияланды

Жыл басынан бері агенттік қызметкерлері 19 заңсыз ойын мекемесін анықтады

 Динара Амантай 22.11.2023 | 16:30
Фото: smages.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан аумағында онлайн казино қызметін іске асыратын ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталған тізім мемлекет басшысының заңсыз құмар ойындарды өткізуді шектеу туралы тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп құрылды. Тізім қаржылық мониторинг субъектілерінің заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл шеңберінде және өз қызметінде пайдалануы үшін ҚМА порталында орналастырылған. Ол заңсыз ойын бизнесін іске асыру кезінде қаржы ұйымдарының өнімдері мен қызметтерін пайдалану деңгейін төмендетуге бағытталған.

Ойынға тәуелділік адам тағдырын бұзатын қауіпті құбылысқа айналады. Бұл проблема отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туындауына және басқа да қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауға алғышарттар туғызады.

2019-2022 жылдар аралығында 73 жасырын казино жойылып, 2 280 ойын терминалы тәркіленді. Жыл басынан бері агенттік қызметкерлері 19 заңсыз ойын мекемесін және 111 ойын терминалын анықтады. Қабылданған алдын алу шараларының арқасында соңғы 5 жылда тіркелген істер санының 5,5 есе төмендеуі байқалады.

Сонымен қатар, бүгінде агенттік заңсыз ойын қызметі (онлайн казино) белгілері бар әлеуметтік желілердегі сайттар мен аккаунттардың 3 мыңнан астам сілтемесін бұғаттаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама