×

Абай облысында ауыл шаруашылығы техникасы 25% жаңартылды

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 2,7 млрд теңге бөлінді

 Динара Амантай 20.11.2023 | 18:01
фото: qazweek.kz

Абай облысында биыл агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие беру, сондай-ақ мал, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазір 2,6 млрд теңге игерілген. 2 мың 700 субсидиялау шартына сәйкес, 1 мың 400-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері субсидияланған. Негізгі бағыттар – лизингке сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сондай-ақ несиеге мал сатып алу.

Биыл жалпы көлемі 11 миллиард теңгеден астам сомаға 550-ден астам жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, бұл ауыл шаруашылығындағы машина-трактор паркі мен құрал-жабдықтарды 25%-ға жаңартуға ықпал етті.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Абай облысының филиалы жыл басынан бері мал шаруашылығын дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жалпы көлемі 4,1 млрд теңгеге қаржыландырды. Оның ішінде 1,7 млрд теңге тікелей қаржыландыру және 2,4 млрд теңге несие серіктестіктері арқылы іске асырылды.

Биыл қосымша бюджет қаражаты түскеннен кейін қазір резервте тұрған 470 ұсыныс бойынша субсидиялау туралы келісімге қол қойылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама