Аман Төлеев. Фото: РИА Новости/Александр Кряжев
Ресей Федерациясында губернатор болған 79 жастағы Аман Төлеев өмірден озды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұл туралы Telegram-арнасында Кемерово облысының қазіргі губернаторы Сергей Цивилев жазды.
Аман Гумирович Төлеев өмірден өтті. Ол 1997 жылдан 2018 жылға дейін Кемеров облысының губернаторы болды. Ашық-жарқын, біртуар азамат еді. Саналы ғұмырын Ресей мен Кузбасқа қызмет етуге арнады, - деді ол.
Айта кетейік, Аман Төлеев 1944 жылы 13 мамырда Түрікменстандағы Красноводск қаласында дүниеге келген.
1973 жылы Новосібір теміржол инженерлері институтын, 1989 жылы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.
- Еңбек жолын 1964 жылы Кемерово облысында теміржолшы болып бастаған.
- 1967-1973 жылдары Новокузнецкідегі Мундыбаш станциясында кезекші, басшының көмекшісі, станция басшысы болды.
- 1973-1985 жылдары – Междуреченск теміржол станциясының басшысы, Кемерово темір жолының Новокузнецк бөлімше басшысының орынбасары, бөлімше басшысы;
- 1985-1988 жылдары – Кемерово облыстық партия комитетінде көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі;
- 1988-1990 жылдары Кемерово теміржолының басшысы болды.
- 1990-1993 жылдары – РКФСР (қазіргі РФ) Жоғарғы кеңесінің депутаты, Кемерово облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы;
- 1994-1996 жылдары – Кемерово облыстық заң шығарушы жиналысының төрағасы;
- 1996-1997 жылдары Ресейдің ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі қызметін атқарды.
- 1997-2018 жылдары Кемерово облысының губернаторы болды.
- 2018 жылғы 25 наурызда Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт болып, 64 адам қаза тапты. Олардың арасында 41 бала бар. Бұл қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы жағдайға байланысты Аман Төлеев қызметінен кетті.
Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев Ресей президенті Владимир Путинге өз еркімен отставкаға кету туралы өтініш жазды, - деп хабарлады облыс администрациясының баспасөз қызметі.
Оның өтінішін Владимир Путин қабылдады.
Сондай-ақ ол 3 рет (1991, 1996, 2000 жылдары) Ресей президенттігіне кандидат болып тіркелген.