×

Елдің солтүстігінде 8 аудан жарықсыз қалды

Мағжан Жұмабаев ауданында жағдай қиын

 Халық үні 19.11.2023 | 22:38
Фото: 24.kz

Теріскейде боран соғып, екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен. Ал түскен жауын-шашын көлемі нормадан 4 есе артық, деп хабарлайды 24.kz. 

Мамандар электр желілері қатып қалып, істен шыққанын айтады. Дегенмен көп ұзамай ретке келуі тиіс. Тек Мағжан Жұмабаев ауданында жағдай қиын. Бұнда жарық беруші орталықтың тірегі істен шығып, аудан толықтай электр қуатынан ажырап қалған.

Қазір қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жағдай қашан оңалатыны әзірге белгісіз. Боран салдарынан өңірде республикалық маңызы бар жолдарды да жабуға тура келген.

Өткен тәулікте болған жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер тіркелмеді. Жол жиегіне шығып кеткен көліктер көп болды. 20-дан астам машинаны шығарып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткіздік. Қазір барлығы жоспарлы түрді жүріп жатыр. Жолдардағы шектеуді таңғы 07:00-ден алып тастадық, - деді СҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Рүстем Іспердинов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама