×

Республикалық маңызы бар 27 жол учаскесі ашылды

Тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз себу үшін 220 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды

 Еркеғали Болатұлы 19.11.2023 | 10:10
фото: vk.com/wall557330340_2615

Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыт бойынша ашық, деп хабарлады «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Өткен түнде мамандар тасжолдарға 500 м3 құм-тұз қоспасын сеуіп шыққан.

Еске сала кетсек, ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабылған болатын. Қазір тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз себу үшін 220 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды.

Қостанай облысында жол мамандары 30 жүк көлігінің және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама