Республикалық маңызы бар 27 жол учаскесі ашылды
Тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз себу үшін 220 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды
Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыт бойынша ашық, деп хабарлады «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Өткен түнде мамандар тасжолдарға 500 м3 құм-тұз қоспасын сеуіп шыққан.
Еске сала кетсек, ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабылған болатын. Қазір тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз себу үшін 220 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды.
Қостанай облысында жол мамандары 30 жүк көлігінің және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.