×

Спартакиада: жартылай финалда Тәшкенбай мен Бибосынов кездеседі (ВИДЕО)

57 келі салмақта әлем чемпионы Махмұд Сабырхан да былтырғы ел чемпионатының қола жүлдегері Дулат Тұрлыбекұлын жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 17.11.2023 | 17:25
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астанада өтіп жатқан бокстан VI жазғы спартакиаданың жартылай финалына шыққан спортшылардың есімі белгілі болды.

Бұған дейін хабарланғандай, 48, 54, 60, 67, 75, 86, +92 келі салмақта жартылай финалға жолдама алған спортшылардың тізімі шыққан еді. Бүгін 51 және 60 келі салмақта келесі айналымға шыққан боксшылар анықталды. Бүгін кешке дейін жартылай финалға басқа салмақтағы саңлақтар да жолдама алады. Ал 51 келі салмақта әлем чемпионы Сәкен Бибосынов VI жазғы Спартакиададағы алғашқы жекпе-жегінде 19 жастағы Ғаббас Дүйсекеновті еш қиындықсыз жеңді.

48 келіде әлем чемпионы атанып, 51 келі салмақ дәрежесіне көтерілген Санжар Тәшкенбай ширек финалда былтырғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Алдамжаровтан 2-раундта (жарақат алды, – ред.) басым түсті.

57 келі салмақта әлем чемпионы Махмұд Сабырхан бірінші жекпе-жегінде былтырғы ел чемпионатының қола жүлдегері (60 келі) Дулат Тұрлыбекұлына еш мүмкіндік бермей, 3-раундта да айқын басымдықпен жеңді.

Енді ертең 51 келі салмақ дәрежесіне дейінгі жартылай финалда Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай шаршы алаңда кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама