×

Бокстан Спартакиада: алғашқы жартылай финалистер анықталды

Ертең бірнеше әлем чемпиондары шаршы алаңға шығады

 Дастан Жұмабекұлы 17.11.2023 | 10:48
Фото: t.me/committee_sport

Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан VI жазғы Спартакиаданың төртінші жарыс күнінде 48, 54, 60, 67, 75, 86,+92 келі салмақта жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлер анықталды.

48 кг салмақта 35 жастағы Теміртас Жүсіпов бірінші жекпе-жекте Түркістан облысының жас спортшысы Равшан Туракуловты жеңді.

Сол секілді өз салмақтарында басты фаворит саналатын Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг) Талғат Сырымбетов (60 кг), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг) та қарсыластарынан басым түсті.

75 кг салмақта Армат Арманұлы мен Бақберген Алиасқаров қолда тұрған жеңістерін уыстарынан шығарып алды.

Аса ауыр салмақта әлем чемпионы Александр Усикпен бірге дайындалатын Нұрсұлтан Аманжолов қайта әуесқой боксқа оралды. Бұл жекпе-жекте Олжас Букаев қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Ертең Олимпиада бағдарламасына кіретін 51, 57, 63,5, 71, 80, 92 кг салмақта бірнеше әлем чемпиондары шаршы алаңға шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама