×

Футболдан Сан-Марино құрамасы шұғыл түрде қонақ үйден шығарылды (ВИДЕО)

Шетелдіктер полиция толық тексеріс жүргізіп болғанша далада күтіп тұрған

 Дастан Жұмабекұлы 17.11.2023 | 16:53
Фото: t.me/orda_kz

Астанаға Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің аясында болатын матчқа Қазақстан құрамасы командасымен ойнау үшін келген Сан-Марино құрамасы қонақ үйден шығарылды.

Отельдің әкімшілігі құрама команда «қонақ үйде бомба бар» деген хабарламаға байланысты қонақ үйге келген барлық адамды эвакуациялаған.

Құраманың 23 ойыншысымен бірге техникалық қызметкерлер, түсірілім тобы толық қауіпсіз жерге көшірілген. Шетелдіктер полиция толық тексеріс жүргізіп болғанша далада күтіп тұрған.

Қазақстан құрамасы мен Сан-Марино арасындағы матч кешкі сағат 21:00-де «Астана Арена» стадионында басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама