×

Алдағы айларда WhatsApp-тағы чаттар мен фотосуреттерді сақтау ақылы болады

Бета нұсқасын пайдаланушылар үшін өзгерістер биылғы желтоқсанда күшіне енеді

 Еркеғали Болатұлы 17.11.2023 | 15:37
фото: ixbt.com

Енді WhatsApp мессенджеріндегі хат-хабарлар мен файлдар Google Drive бұлтына орналасады.

WhatsApp ресми сайтының хабарлауынша, егер пайдаланушы алдағы айларда чаттардың резерв көшірмесін Android құрылғысында жасаймын деп шешсе, көшірме Google-дың лимитіне есептеледі.

Егер жад шегінен асып кетсеңіз, резерв көшірме жасауды жалғастыру үшін Google-дың есеп жазбасынан орын босатуыңыз керек, - делінген хабарламада.

Бета нұсқасын пайдаланушылар үшін өзгерістердің 2023 жылдың желтоқсан айында күшіне енетіні және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Android платформасындағы WhatsApp пайдаланушыларына біртіндеп енетіні атап өтілді.

Бұған дейін WhatsApp енді арна ашуға болатынын хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама