×

Астанада әйел форумға қатысқан Үкімет басшысынан көмек сұрады

Үкімет басшысына қарай белгісіз әйел «Әлихан Асханұлы, көмектесіңіз!» деп жүгіріп келген.

 Халық үні 16.11.2023 | 20:33
Фото: видеодан алынды

Астанадағы Конгресс-орталығында өткен форумнан кейін премьер-министр Әлихан Смайыловқа белгісіз әйелдің жүгіріп барып, көмек сұрағаны видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада өткен «Қазақстандық қамту 2.0» бірінші халықаралық форумы аяқталғаннан кейін Үкімет басшысына қарай белгісіз әйел «Әлихан Асханұлы, көмектесіңіз!» деп жүгіріп келген. Видеода күзетшілер алдымен әйелді тоқтатқаны көрінеді, бірақ ол сөмкені жерге тастап, қолын көтереді. Кейін оған Смайыловқа жақындауға рұқсат етіледі. Әйелдің сөздері естілмейді, бірақ оның өз мәселесін түсіндіруге тырысып жатқаны байқалады.

Үкіметтің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап берді. Айтуларынша,  бұл әйел бірінші рет көмек сұрап тұрған жоқ, үкіеттегілер оны таниды.

«Бұл – Оксана есімді әйел. Оны бірінші рет көріп тұрған жоқпыз. Ол біз Мәжілісте болған кезде сотқа жүгінген болатын. Қазір ол ауылшаруашылық жерлері мәселесі бойынша премьер-министрге жүгінді. Премьер-министр оны тыңдап, тапсырмалар берді. Енді мен оның өтінішін жеке қабылдаймын, оны қарастырамыз", - деді премьер-министрдің баспасөз хатшысы Динара Әлімова.

Әйелдің өзімен тілдесуге мүмкіндік туды. Қарағандылық Оксана Ротэрмельдің айтуынша, оның жерін заңсыз тартып алған.

«2023 жылдың 25 мамырында сотта мен 17 мамырда егіс науқаны қызып тұрған кезде Қарағанды облысы Осакаров ауданының ХҚКО-сы маған 49 жылға берген мемлекеттік жерді алып тастағанын білдім. Бұл жерлерді алып, ЖШС-ні толық өшіріп тастаған. Түнгі сағат 12-де жерді 14 құрылтайшысы бар басқа ЖШС-ге тіркеген. Прокурорлар наразылық білдіріп, менікі дұрыс екенін дәлелдеді. Мен барлық соттарды жеңдім», - дейді ол.

Алайда әйелдің айтуынша, айыпталушы әлі күнге дейін Жоғарғы соттың шешімін орындамай, Халыққа қызмет көрсету орталығы басқа ЖШС-ны тіркеуден шығармаған. Жер әлі әйелге қайтарылмаған.

«Мен билікке жете алмадым. Ешкім ештеңе істеп жатқан жоқ, сондықтан премьер-министрді іздеуге мәжбүр болдым», - деп аяқтады сөзін әйел.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама