Тәжіктер де қарап жатпай дрон шығара бастады

Дастан Жұмабекұлы

Сөйтіп, парсы тілді екі мемлекет біріне-бірі қамқорлық қолын созды

https://news.israelinfo.co.il/world/102942

Тәжікстанда Иранның соғыс дрондарын шығаратын зауыты өз жұмысын бастады. Бұл туралы Israelinfo агенттігі хабарлады.

«Душанбеде Иран Қарулы күштері штабының бастығы, генерал-майор Мохаммад Багери мен Тәжікстан Қорғаныс министрі Шерали Мирзоның қатысуымен Иранның дрондарын шығару өндірісі іске қосылды», - делінген хабарламада.

Зауыт Иран мен Тәжікстанның ресми топтарының қатысуымен ашылды. Өндіріс орнының ашылу салтанатында бір тілде сөйлейтін туыс екі мемлекет арасындағы өзара қорғаныс және әскери әріптестікті нығайту мен дамыту мәселесі қаралып, мәлімдеме жасалды.

Бұл туыс екі ел арасындағы қауіпсіздік үшін жасалатын шаралардың нығая түскенін көрсетеді, – деп мәлімдеді Багери.

Ол Тәжікстанда «Ababil 2» дроны зауытының ашылуы Иран мен Тәжікстан арасындағы әскери әріптестіктің нығайып жатқанын көрсететінін атап өтті.

Сөйтіп, парсы тілді екі мемлекет біріне-бірі қамқорлық қолын созды. Енді Тәжікстанда Иранның «Ababil 2» маркалы БПЛА дроны шығарылады.