Halyq Uni логотип
×

Сарқан ауданында қоқыстан табылған қыздың анасы ұсталды

Оның айтуынша қызы сал ауруымен ауырған

 Динара Амантай 19.05.2022 | 14:17
Сарқан ауданында қоқыстан табылған қыздың анасы ұсталды
Фото: Halyq Uni

Алматы облысының Сарқан ауданында қоқыстан табылған баланың анасы ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қоқыстан мүрдесі табылған 2017 жылғы қыз баланың анасының айтуынша, баласы сал ауруына шалдыққан және ақыл-есі кем болған.

Баланың анасы 19 жаста. Оның айтуынша, қызы ауырып, көз жұмған. Олар ағасы екеуі келісіп, қаланың маңына жерлемек болған. Қазір аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

Қазір аталған іс Алматы облыстық полиция департаментінің қатаң бақылауында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Halyq Uni тілшісі Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама