×

Алматы облысында қоқыстан 5 жастағы баланың мәйіті табылды

Қазір мүрде мәйітханаға сараптама жасалу үшін жіберілген

фото: inform.kz

Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды. Полиция ақпаратына сәйкес, баланың мүрдесі Сарқан қаласындағы кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыстан табылған. Бала алдын ала болжам бойынша, 4-5 жаста. Бойы - 90-100 см.

Баланың басы шамамен бес метр жерден табылған. Болжам бойынша, ол қыз бала болуы мүмкін. Қазір мүрде мәйітханаға сараптама жасалу үшін жіберілген.

«Баланың өлі денесі қоқыстан табылғанын растаймын. Сарқан аудандық полициясына бала жоғалды деген шағым түспеген. Бұл іспен полиция айналасып жатыр», - делінген Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама