Күдіктілер қамауға алынды
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақыларды бопсалаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу нәтижесінде өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемаларды анықтады. Агенттіктің мәліметінше, күдіктілер қаражатты газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Аталған тұлғаларға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.