×

Шымкенттік тұрғыннан Қызыл кітапқа енген құстар тәркіленді

Жабайы құстар Шымкенттің мемлекеттік хайуанаттар бағына берілді

 Динара Амантай 13.11.2023 | 16:38
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері шымкенттік тұрғыннан Қызыл кітапқа енген құстардың 10 данасын тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тінту кезінде күдіктіден Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген құстар табылған. Атап айтқанда, ер адамнан ителгілер мен қарабауыр бұлдырық құстары тәркіленді.

Күдікті құстарды жеңіл көлікпен тасымалдаған. Жағдайды одан әрі анықтау үшін ұсталған адам полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Жабайы құстар Шымкенттің мемлекеттік хайуанаттар бағына берілді.

Полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға және жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама