Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты

Еркеғали Болатұлы

Берік Уәли президенттің жерлеу рәсіміне қатыспайтынын жеткізді

фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Мемлекет басшысы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, – деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, Болат Назарбаев бүгін 71 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болған еді.