×

VI жазғы Спартакиада: боксшылар қарсыластарын анықтады (ВИДЕО)

Спортшылар 13 салмақта күш сынасады

 Дастан Жұмабекұлы 13.11.2023 | 12:05
Фото: qazsporttv.kz

13-19 қараша аралығында бокстан Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде өтетін VI жазғы Спартакиаданың жеребе тарту рәсімі өтті.

Оған Солтүстік Қазақстан облысының боксшыларынан басқа өңірлер мен Астана, Алматы және Шымкент қаласынан 177 спортшы қатысады. Боксшылар 13 салмақта, атап айтқанда, 46-48, 51, 54, 57, 60, 63,5, 67, 71, 75, 80, 86, 92, +92 келіде жеңімпазды анықтайтын болады.

Бұл жарыста 2020 жылдан кейін ұлттық құраманың негізгі боксшылары атанып жүрген былғары қолғап шеберлері қолғап түйістіреді. Олардың арасында Олимпиада жүлдегерлері мен әлем чемпиондары бар. Мысалы, биылғы жарысқа әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай қатысады.

Одан басқа, кәсіпқой бокста жұдырықтасып жүрген Тұрсынбай Құлахмет (80 кг), Бекзад Нұрдаулетов (80 кг), Нұрсұлтан Аманжолов (+92 кг) қайта өз бақтарын сынауға мүмкіндік алды.

Ал Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ел намысын қорғаған Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) Спартакиадаға қатыспайды.

VI Спартакиада Qazsport телеарнасынан күн сайын 15:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама