×

Бишімбаевтың әйелінің өлімі: Астанада қайғылы оқиға болған мейрамхана директоры ұсталды

«Гастро-орталық» директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Халық үні 12.11.2023 | 20:40
Фото: instagram.com/aitym

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімне қатысты тағы 3 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Ведомствоның хабарлауынша, елордадағы мейрамханалардың бірінде ҚР ҚК-нің 99 (кісі өлтіру) бабымен әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеу жалғасуда. Осы қылмысты жасады деген күдікті қамауға алынды.

Қазір тергеу органдары, оқиғаның барлық мән-жайларын, және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралардың барлық кешенін орындайды. Тергеу барысында Қылмыстық кодекстің 432, яғни (қылмысты жасыру) бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде «Гастро-орталық» директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді.

Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасы жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады.

Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деп ескертеді полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама