×

Петропавлда полицейлердің көлігін робот жуып беретін болды

Бір сағатта 12 жеңіл көлік жуылады

 Еркеғали Болатұлы 10.11.2023 | 11:55
фото: дереккөз

Петропавлда полиция автопаркіндегі көліктерді енді робот-автомат жуады, деп хабарлады Polisia.kz.

СҚО ПД тылдық қамтамасыз ету басқармасының автокөлік шаруашылығында автоматтандырылған көлік жуғыш қондырғы іске қосылды. Бұл жаңашылдықтың бір ерекшелігі – мұнда бәрі автоматтандырылған. Бір көлікті жуудың орташа уақыты – 5-6 минут. Бір сағатта 12 жеңіл көлік жуылады. Бұл қондырғы жүк көліктері мен автобустарға арналмаған.

Бұрын қызметтік автокөліктер қолмен жуылып, 30 минут немесе одан көп уақытта алатын. Енді автокөлік шаруашылығының аумағындағы арнайы бокста облыстық және қалалық патрульдік полиция батальондарының, департамент аппаратының жеке құрамы қызметтік автокөліктерін күн сайын жуа алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама