Ұлттық құрама Сан-Марино және Словениямен матчтарға дайындықты бастады
Оқу-жаттығу жиыны Астанада болып жатыр
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 17 және 21 қарашада Сан-Марино мен Словения құрама командаларымен болатын матчтарға дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиыны Астанада болып жатыр, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.
10 қарашада ұлттық құрама Қазақстан U-21 құрамасымен бақылау ойынын өткізеді.
Жаттықтырушылар штабының шешімі бойынша, Эльхан Астановтың орнына «Ордабасы» клубынан Максим Федин шақыртылды. Ертең жаттығуға қорғаушылар Сергей Малый, Темірлан Ерланов, қақпашы Бекхан Шайзада, Бағдат Қайыров жаттығуға қосылады.
Абат Айымбетов, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Александр Заруцкий, Ян Вороговский, Владислав Прокопенко УЕФА Конференциялар лигасының матчынан кейін құрамға қосылады.
Самат Жарынбетов жарақатына байланысты ұлттық құрамаға келген жоқ.
Шетел чемпионаттарында ойнайтын Бактиер Зайнутдинов, Рамазан Оразов, Нұралы Әліп, Марат Быстров, Лев Скворцов, Александр Зуев 12-13 қарашада қосылады.
Ойыншылардың нақты тізімі 10 қарашадан кейін анықталады.
Ал әзірше Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 17 қарашада Сан-Марино және 20 қарашада Словения құрамаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Тізімге 40 футболшы қосылды.