1 млрд теңгенің контрафактілік өнімі жойылды

Динара Амантай

83 тоннадан астам «Serbetli» маркалы кальян мен 1 млн қап «Milano» маркалы темекі тұтынылмады

Фото: gov.kz

1 млрд теңгенің контрафактілік өнімі жойылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы прокурорлары үкімнің құны 1 млрд теңгеден асатын, тәркіленген мүлікті жою туралы бөлігін орындады. Атап айтқанда, экономикалық контрабандалық «Serbetli» маркалы 83 тоннадан астам кальян және «Milano» маркалы 1 млн қап темекі жойылды.

Прокуратураны үйлестіру кезінде сот шешімі көрсетілген заттай дәлелдемелерді жою жолымен орындалды.