×

ШҚО мен Атырау облысында аудан әкімдері сайлауының нәтижесі шықты

Жеті облыста жаңа басшылар белгілі болды

 Дастан Жұмабекұлы 06.11.2023 | 13:13
Фото: atr.kz

Шығыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында да аудан әкімдері сайлауының қорытындысы шықты.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, ШҚО-дағы Алтай және Глубокое аудандарында сайлауға барлығы 5 адам кандидат қатысқан.

Сайлау қорытындысы бойынша Алтай ауданының әкімі қызметіне Ренат Құрмамбаев сайланды. Ол 2019-2021 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі болып қызмет етті. Оған дейін Алтай ауданы әкімінің орынбасары, әкім міндетін уақытша атқарушы болды.

Глубокое ауданының әкімі болып Эльдар Тумашинов қайта сайланды.

Атырау облысында да екі ауданның жаңа басшысы белгілі болды.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссияының мәліметіне қарағанда, екі ауданда сайлаушылар тізіміне 34 497 азамат енгізілген. Дауыс беруге 19 328 сайлаушы қатысқан.

Сайлау қорытындысымен Исатай ауданының әкімі болып Нұрым Мусин сайланды. Ол 1980 жылы туған. Бұған дейін Исатай аудандық мәслихатының төрағасы болып жұмыс істеген.

Қызылқоға ауданына Канат Азмуханов қайтып әкім болды. Жаңа әкім 1981 жылы туған.

Бұған дейін Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында аудан әкімдері сайлауының қорытындысы шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама