×

Қазақстан мен Ресей хоккейшілері төбелесті (ВИДЕО)

Ойын аяқталар кезде Оразов Матюшинмен шекісіп, оны соққының астына алды

 Дастан Жұмабекұлы 05.11.2023 | 17:30
Видеодан скриншот

Санкт-Петербург қаласында хоккейден Қазақстан мен Ресей құрамаларының ойыншылары Бейбарыс Оразов пен Андрей Матюшинмен жаға ұстасып, төбелесіп қалды.

Бұл матчта 20 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Ресейдің 18 жасқа дейінгі командасынан 1:9 есебімен жеңілді. Ойын аяқталар кезде Оразов Матюшинмен шекісіп, оны соққының астына алды.

Жалпы, хоккейде ойыншылардың төбелесі жиі болып тұрады. Хоккей тарихындағы ең ірі төбелес 1987 жылы КСРО мен Канада жастар құрамалары арасындағы матчта болған. Бұл ойында 4:2 есебімен Канада құрамасы алға шыққанда матчтың екінші кезеңінде Канаданың қорғаушысы Тео Флери КСРО шабуылшысы Валерий Зелепукинді арқасынан бір ұрып, ұрыс-керісті бастап кеткен. Соның кесірінен қос құраманың ойыншылары топ-топқа бөлініп, бір-біріне жұдырық ала жүгірген.

Қосалқы құрамдағы ойыншылар қатарындағы Кеңес Одағы құрамасының төрт ойыншысы да  орындарын тұрып, төбелеске қосылған. Көп кешікпей мұз айдынына екі кұраманың да қосалқы құрамдағы ойыншылары шығып, жағдайды ушықтырып жіберген. Екі құраманы тәртіпке шақырудан ештеңе шықпаған соң, аренада жарық өшірілген. Сол кезде екі елдің хоккейшілерін тәртіпке шақыра алмаған норвегиялық төреші Ханс Ронинг пен екі лайнсмен мұз айдынынан кетіп қалған. Ақырында екі команданың ойыншылары 18 айға, ал жаттықтырушылары 3 жылға ойыннан алыстатылған.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама