ШҚО-да үш адам қайғылы жағдайда көз жұмды

Халық үні

Оқиға бүгін, 4 қарашада болған.

Фото: Polisia.kz

Өскемен-Алтай тас жолындағы екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды YK-news.kz.

Оқиға бүгін, 4 қарашада болған.

«Өскемен— Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай автожолының 110 шақырымында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан үш жолаушы сол жерде қайтыс болды, тағы үшеуі түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.