Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Қытайға барды

Халық үні

Әлихан Смайылов Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сондай-ақ Премьер-Министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады.