Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіруге ресми өтініш берді

Динара Амантай

Альянс бас хатшысы бұл үшін қажетті мәселелердің тез арада шешілуіне кепілдік беретінін айтты

Фото: tass.ru

18 мамыр күні Швеция мен Финляндияның НАТО-дағы елшілері Аксель Вернхофф пен Клаус Корхонен НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергке өз елдерінің НАТО-ға кіру туралы өтініштерін ресми түрде табыс етті. Марапаттау рәсімін альянстың баспасөз қызметі онлайн форматта көрсетті.

Мен Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін құптаймын. Бүгінгі сіздердің жасаған өтініштеріңіз – тарихи қадам. Барлық елдердің қауіпсіздік мүдделері ескерілуі керек. Бұған қоса біз қабылдауға қатысты барлық мәселелерді тезірек шешуге бел байлап отырмыз, –  деді Столтенберг.

Сонымен қатар НАТО Бас хатшысы Альянс қазір Балтық теңізіндегі қауіпсіздік жүйесін сәйкестендіріп жатқанын қосты.

Одақтағы барлық елдер НАТО шекарасының кеңеюінің маңыздылығымен келіседі. Біздің құрамдағы барлық елдер бірге әрекет етіп, бұл тарихи сәтті пайдаланып қалуымыз керек екендігімен құптап отыр, – деді Альянс бас хатшысы.

Еске сала кетсек, Финляндия парламенті сейсенбі күні НАТО-ға кіру туралы ұсынысты құптады: 188 депутат қолдап, сегізі ұйымға мүше болу туралы өтінішке қарсы шықты. Ал, Швеция үкіметі дүйсенбі күні Альянсқа мүше болуды қолдаған болатын.

НАТО Бас хатшысы бұған дейін бұл екі ел де одақтың ең жақын серіктестері екендігін және олардың қарулы күштерінің НАТО күштерімен үйлесімділігі ондаған жылдар бойы көптеген бірлескен жаттығуларда пысықталғанын айтқан. Сондықтан олар мүмкіндігінше тезірек қабылданады деген ой айтты.

Барлық НАТО елдерінің ішінен тек Түркия ғана Швеция мен Финляндияның қабылдауына қарсылық білдірді. Ердоған Стокгольм мен Хельсинкиден Анкара террористік деп санайтын Түркия, Ирак және Сириядағы күрд құрылымдарын қолдаудан бас тартуды және қару-жараққа біржақты эмбаргоны алып тастауды талап етті.

Егер бұл қарсылықтарды жою мүмкін болса, Альянс 28-30 маусымда Мадридте өтетін саммитте Швеция мен Финляндияның қабылданғанын жария етпек.