Әлихан Смайылов Қырғызстан президентін қарсы алды

Динара Амантай

Ол Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады

Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты қарсы алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Айта кетсек, саммитке Қырғызстан басшысынан бөлек, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан мемлекеттерінің басшылары қатысады.