×

Маңғыстау облысында шенеуніктер мектептен негізсіз жалақы алып отырған

Сондай-ақ 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

 Динара Амантай 01.11.2023 | 14:14
Фото: СЖҚА Маңғыстау обл. департаменті

Маңғыстау облысында шенеуніктер мектептен негзсіз жалақы алып отырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мәлметінше, кеше білім беру ұйымдарының қызметіндегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кеңейтілген жиналыс өткен.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ш. Шаменов, өңірдегі құқық қорғау органдарының басшылары, облыс және қала әкімі, білім мекемелерінің басшылары мен жауапты тұлғалары қатысты. Оларға «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу» тақырыбында баяндама жеткізіліп, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыртқы талдау нәтижелері баяндалды.

Мысалы, мониторинг қорытындысы бойынша мұғалімдердің 7 жалған диплом қолдану фактісі анықталып, кейін олардың барлығы қызметтерінен шығарылды.

Сыртқы талдау қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасының бас маманы А. Кульбаева, Мұнайшы ауылы №7 орта мектебінің директоры А. Мухашева, Қарақия аудандық білім үйлестіру орталығының директоры А. Досжановалардың Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің кешкі (ауысымды) мектебінен негізсіз жалақы алғаны анықталды. Аталған тұлғаларға тиісті тәртіптік шаралар қолданылды, – делінген Антикор хабарламасында.

Департамент тарапынан бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруды толығымен электрондық форматқа ауыстыру, ведомстволық бағынысты ұйымдарды тексеру және қаржылық бақылау туралы құрылымдық бөлімше құру, сонымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әр мекемеде қабылдау туралы ұсыныс берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама