×

Түркіменстаннан Қазақстанға көп қандасымыз көшіп келеді (ВИДЕО)

Елге 490 этникалық қазақ келе жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 18.05.2022 | 10:40

Маусым айының басында Түркіменстаннан Қазақстанға тағы 490 этникалық қазақ  көшіп келеді. Бұл туралы тәуелсіз Turkmen.news басылымы «Түркімен темір жолдары» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Газеттің мәліметіне қарағанда, 2 маусымда «Түркімен темір жолдары» агенттігі «Түркіменбашы – Берекет – Серхетяка – Болашақ» бағытымен жүретін арнайы пойыз ұйымдастырады. Алдағы уақытта пойыз түркімен локомотивінен Қазақстан темір жолына ауысады. Арнайы пойыз жолаушыларды Жаңаөзен қаласына дейін апарып, сол жерден Түркіменстанға оралады.

Этникалық қазақтарды көшіру жұмысы Қазақстанның Түркіменстандағы елшілігінің өтінішімен, Түркіменстан төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің 11 мамырдағы шешімі бойынша атқарылады.

Бүгінде ел үкіметінің шетелдегі этникалық қазақтардың елге көшіп келуіне жағдай жасайтын арнайы бағдарламасы бар. Этникалық қазақтар елге оралғанда бірден  «қандас» мәртебесін алады. Мысалы, биыл Қазақстанға шетелден көшіп келген 2 мыңға жуық адам «қандас» мәртебесін алған. Олардың көбісі Алматы және Маңғыстау облыстарына қоныстанды.

«2020 жылы елімізге Түркіменстаннан 70 этникалық қазақ көшіп келсе, 2021 жылғы 26 ақпанда 160-тан астам этникалық қазақ көшті. Олар көшті бір жылдан астам уақыт күтті. 2020 жылы 319 адам Түркіменстаннан Қазақстанға көшкен», – делінген басылымының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама