×

Абай облысында туризмді дамытудың әлеуеті зор

Биыл Алакөл көлінің жағалауында жалпы көлемі 767 млн теңгенің 12 жобасы іске асырылған

 Халық үні 31.10.2023 | 17:02
Фото: Абай обл. әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірде туризмді дамытудың келешегі мен саланы қолдауға бағытталған жобалар жайын баяндады, деп хабарлады Halyq Uni.

Биыл Алакөл көлінің жағалауында жалпы көлемі 767 млн теңгенің 12 жобасы іске асырылған.

Алдын ала деректерге сүйенсек, өткен курорттық маусымның қорытындысы нәтижесінде Алакөл көлінің жағалауына шамамен 1 млн-ға жуық адам келген. Қазір бұл сандар нақтыланып жатыр, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Сондай-ақ бүгінде Алакөл жағалауындағы туристік аймақты дамытудың Жол картасы әзірленді.

Курорттық аймақтың тартымдылығын арттыру мақсатында және облысты дамытудың 2027 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаға арналған кешенді жоспары шеңберінде Көктал ауылынан Қабанбай ауылына дейін ұзындығы 70 шақырым, 110кВ жоғары вольтты желі құрылысын жүргізу, 25 млрд теңгеге Алакөл жағалауын бекіту, жылына 30 мың қуаты бар Қабанбай ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарланған.

Бұдан бөлек, облыста мәдени-танымдық туризмге ерекше назар аударылған. Жыл басынан бері Абай облысының «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығына 14,5 мыңға жуық адам келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама