×

Астанада электр жарығы өшкен уақытта 72 жастағы әйелдің қайтыс болғаны анықталды

Қалада тұрғын-үйдің бірінде өрт шыққан

 Ая Өміртай 31.10.2023 | 10:38
Фото: zakon.kz

Астанада электр жарығы өшкен уақытта тұрғын-үйдің бірінде өрт шығып, өрттен 72 жастағы әйелдің қайтыс болған, деп хабарлайды Halyq Uni

Сонымен қатар электр жарығы өшкен уақытта Астананың кей аудандарында су берілуі де тоқтап қалған еді. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті берген ақпаратына сәйкес, өрт 29 қазаннан 30 қазанға ауған түні шыққан. 

30 қазан күні сағат 00: 22-де «101» пультіне Манас көшесі 3/1 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт туралы ақпарат келіп түскеннен кейін бір минут ішінде Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына шықты. Белгілі болғандай, бес қабатты тұрғын үйдің пәтеріндегі бірінші қабатта 18 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздар өртеніп жатқаны анықталды, - делінген ресми жауапта. 

Өртенген үйден 1951 жылы әйелдің мәйіті табылған.

Өрт 00 сағат 44 минутта жедел түрде жойылды, жоғарғы қабаттардан барлығы 51 адам, оның ішінде 14 бала эвакуацияланды. Өрт орнында 1951 жылы туған әйелдің денесі табылды. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 16 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр, - дейді Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметі. 

Айта кетелік, 30 қазан күні елордадағы тосын жағдайға қатысты өткен брифингте кісі өліміне қатысты ақпарат айтылмады. Астана әкімдігінің хабарлауынша, ауруханалар мен перзентханаларда оқыс жағдайлар тіркелмеген. 

Электр қуатының 30 минут болмауы да көп уақыт. Астанада жарықты тұтынатын 500 мыңнан аса абонент бар. Соның шамамен 100 мыңы жарықсыз қалды. Қаланың шамамен 20%-ында электр қуаты болмады. Барлық шара қабылданды, – деді Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасыСұңғат Есімханов қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама