×

Дағыстанда Израильдің саясатына наразы топ әуежайды басып алғысы келген (ВИДЕО)

Махачкалада күштік құрылымдар аяусыздық танытып, ереуілге шыққандарды тұтқындаған

 Дастан Жұмабекұлы 30.10.2023 | 17:11
ФОТО: Рамазан Рашидов / ТАСС

Ресейдің Дағыстан Републикасында жүздеген адам Махачкала қаласының әуежайына басып кіріп, Израильдің Тель-Авив қаласынан ұшып келген ұшақтарды басып алғысы келген. Олар Израильдің Газа секторына қарсы саясатына наразылық білдіріп, сол ел азаматтарының өздеріне келуіне қарсы болған.

Әуелі наразы халық әуежайға басып кіргенде жергілікті полиция оларға қарсылық көрсете алмаған. Онда әуежайды басып алушылар әрбір бөлмені тінтіп, тексеріп, ұлты еврей адамдарды іздеген. Содан кейін Израильден ұшақ келгенде ұшу жолағына шығып, ұшақтарды қоршап алған.

Әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылған. Ал ұшақтарда жолаушылар тығылып, ұшақтан шыға алмай отырған. Әуежайдағы жағдай ушыға бастағанда жергілікті билік ашулы топпен келісімге келуге тырысқан. Алайда келісімге келу мүмкін болмаған.

Билік наразы топтан 3 адамды тағайындап, әуежайда еврейлердің бар-жоғын анықтауды ұсынған. Оған ереуілге шыққандар көнбеген. Осыдан кейін полиция мен арнайы қызмет ұшу жолағына шыққандардың қолдарын қайырып, тұтқындай бастады. Бұл тұтқындауға наразы топ көнбей, күштік құрылымдармен текетірес болған. Күштік құрылымдар аяусыздық танытып, ереуілге шыққандарды тұтқындаған.

Қазір Махачкала әуежайында жағдай бір қалыпқа келді.

Дағыстан Республикасының басшысы Сергей Меликов әуежайдағы оқиғаны Украина азаматтарының ұйымдастырғанын айтты. Ол Махачкала әуежайындағы еврейлерге қарсы рейдті Украина басқарған деп мәлімдеді. Осы оқиғаға қатысты ресми билік арнайы мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ Ресейдің пропагандисі Владимир Соловьев мұсылмандардың бәрін қатаң жазалау керек деген жазба жариялады.

Елдегі барлық мұсылмандарды қатаң жазалауды ұсынамын. Ертең таңертең Махачкалада дар ағашы тұруы керек. Мұсылмандардың бәрін дарға асу керек! Әуежайды басып алғандар – ХАМАС-ты жақтаушылар. Сондықтан оларға ешқандай кешірім болмауы керек. Әрқайсысын 25 жылға соттау қажет.  Махачкалаға орыс әскері кіруі керек! – деді Соловьев. 

Махачкала әуежайына шабуыл кезінде 60 адам ұсталған. 9 полицей жарақат алған. Оның екеуі ауруханаға жеткізілген. Ал наразы топтан қанша адамның жарақат алғаны белгісіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама