Бүгін 11 өңірде мәслихат депутаттарын сайлау басталды

Еркеғали Болатұлы

Сайлауға Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы қатыса алады

фото: Владимир Третьяков

Бүгін Қазақстанның 11 өңірінде мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына үміткерлерді сайлау басталды.

Сонымен, Жалпыұлттық аза тұту күнінде дауыс беру өтеді. Елдегі 21 сайлау округінде мәслихат депутаттары сынға түсіп жатыр.

Дауыс беру:

  • Алматы қаласы;
  • Абай облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Алматы облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Маңғыстау облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүсті Қазақстан облысында өтеді.

Бұл ретте 2 облыстық, 7 қалалық және 12 аудандық мәслихат депутаты сайланады.

Орталық сайлау комиссяисының сайтындағы мәліметке сүйенсек, сайлауға Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы қатыса алады.