×

Қазақстанның энергожүйесінде майнерлер қандай рөль ойнайды? – министрдің жауабы

Олар электр энергиясын түнгі уақытта және энергия тапшылығы болмаған кезде ғана алады

 Айнұр Шошаева 28.10.2023 | 11:25
Коллаж: Halyq Uni

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздегі цифрлық майнерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq uni.

Қазір майнерлер энергожүйеде ешқандай рөль ойнамайды. Реттеу цифрлық майнерлердің энергетика жүйесіне ықпалын азайтуға бағытталды. Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін электр энергиясының тапшылығы кезінде, бізде энергияны көп қолданатын (пиктік) уақытта майнерлер энергияның көп бөлігін өзіне алып отырды. Бұл импорт көлемін көбейтуға әкелді, - деді ол.

Сондай-ақ майнерлерге энергия қандай жағдайда берілетінін айтты.

Енді майнерлер пиктік режим кезінде электр энергиясын тұтынуды тоқтатуға мәжбүр. Олар электр энергиясын түнгі уақытта және энергия тапшылығы болмаған кезде ғана алады. Егер энергожүйеден тапшылық тапшылық болса, автоматты жүрде энергиядан ажыратылады, - деді министр.

Бұған дейін Энергетика министрі Қазақстанда сұйылтылған газ өндірісінің көлемі азайып келе жатқанын айтып, көлігін газға ауыстырғысы келетін қазақстандықтарға ескерту жасаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама