«АрселорМитталдағы» апат: 31 кенші іздестіріліп жатыр
31 кеншіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр
Сағат 10.00-дегі ақпаратқа сәйкес, Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 16-ға жетті, деп хабарлайды Halyq uni.
«АрселлорМиттал Теміртау» АҚ мәліметінше, шахтада болған 252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінді. 31 кеншіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр. 16 кеншінің мәйіті табылды.
Апат орнында құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр. Штаб жұмыс істейді. Қазір шахтадағы апатқа байланысты «АрселорМиттал Теміртау»АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді.
Бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың басшылығымен жедел штаб құрылғаны белгілі болды.
Сондай ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.
Еске сала кетейік, 17 тамызда компанияға қарасты «Қазақстан» шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапқан болатын.