×

Шахтадағы апат: қаза тапқандардың саны 11-ге жетті

Әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға 18 адам жеткізілді

 Динара Амантай 28.10.2023 | 10:02
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, 11 адам көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев facebook-тегі парақшасында әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға 18 адам жеткізілгенін мәлімдеді.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған. Жер бетіне 205 Шахтер шығарылды.

Шахтаға келген сәттен бастап менің басшылығыммен жедел штаб құрылды. Оның құрамына жауапты адамдар мен әріптестерім кірді. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 бірлік техника және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсететін 3 психолог жұмыс істеп жатыр.

Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Біз сіздермен бірге боламыз және осы қиын күндерде сіздерді қолдаймыз", – деп жазды аймақ басшысы.

Сонымен бірге «АрселорМитталТеміртау» АҚ қарасты Костенко атындағы шахтадағы аварияны жою бойынша штабқа оқиға орнына басшылық ету үшін ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов барды. Аварияны жою жоспары енгізілді. Қосымша тау-кен құтқарушыларының күштері енгізілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 50 адамы және 8 бірлік техникасы тартылды. Сондай-ақ, оқиға орнында ТЖМ бөлімшелерінің 22 қызметкері жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама