Президент «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды
Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, 11 адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.