×

Конференция лигасы: «Астана» топтық турнирде жеңіске жетті

Елорданың клубы сырт алаңда үш ұпай алды

 Дастан Жұмабекұлы 27.10.2023 | 09:09
Фото: «Астана» футбол клубы

«Астана» футбол клубы Конференция лигасы топтық турнирінің үшінші турында Косовоның «Балкани» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

С тобында «Астанадан» басқа, Хорватияның «Динамо» (Загреб), Чехияның «Виктория Пльзень» мен Косовоның «Балкани» командалары сынға түсіп жатыр. Елорданың клубы бірінші ойында Загребтің «Динамо» командасынан 1:5 есебімен, одан кейін «Виктория Пльзеньнен» 1:2 есебімен жеңілген болатын. Ал бүгін Косовоның Сува-Река қаласында алаң иелерін 2:1 есебімен жеңіп, үш ұпайға ие болды.

Бұл матчта қонақтар бірінші болып есеп ашты. Ойынның 7-минутында Камо Оганесян гол салды. Одан кейін 9-минутта «Балканидің» шабуылшысы Эдвин Куч таразы басын теңестірді. Ал 23-минутта Тимур Досмағанбетовтің бұрыштамадан әуелете берген добын Абзал Бейсебеков баспен соғып, таблодағы есепті түзетті.

Енді «Астана» келесі ойынын 9 қарашада «Астана Арена» стадионында «Балканиге» қарсы өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама