×

Алматыда 1 қарашада ит-мысықты тегін чиптеу мен тіркеу бағдарламасы басталады

Бағдарлама иесіз жануарларды азайтуға және оларды ұстау жағдайын жақсартуға көмектеседі

 Динара Амантай 26.10.2023 | 16:32
Фото: Halyq Uni

Алматыда 1 қарашадан 20 желтоқсанға дейін үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы басталады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдарлама аясында 15 мың ит пен мысықты чиптеу және тіркеу көзделген. Оларды есепке алу ит-мысығы жоғалған немесе ұрланған кезде оңай анықтауға мүмкіндік береді. Бұл иесіз жануарларды азайтуға және оларды ұстау жағдайын жақсартуға көмектеседі.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға сәйкес, барлық үй мысығы мен итте болюс, чип, қарғы, электронды белгі, бирка немесе TANBA сынды есепке алудың бірыңғай базасында тіркелген таңбасы болуы керек.

Алматылықтар қаланың 8 ветеринарлық клиникасында тегін чиптеуге және тіркеуге жазыла алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама